Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рухани астана": Елбасы Түркістан қаласын аралап көруге кеңес берді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа дәуірі басталған Түркістан қаласын аралап көруге кеңес берді. Бұл туралы Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Түркістан облысын құру туралы шешім қабылданғанына екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазіргі қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл - еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі" , - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның сөзінше, бүгінде жаңарған Түркістанды көргендердің барлығы таңғалып жатыр.

"Бұл – мәдениет орталығы, республикамыздың орталығы. Еліміздің оңтүстігіндегі тағы бір гүлденген қала. Жақында менің бастамаммен өткен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды", - деп түйіндеді Назарбаев.

Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" атты XXIX сессиясы өтті. Оған онлайн форматта 550-ден астам адам қатысты.

Айта кетейік, аталмыш жиында Нұрсұлтан Назарабев ҚХА төрағасы лауазымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910195-ruxani-astana-elbasy-turkistan-qalasyn-aralap-koruge-kenes-berdi/

pixel