Ғалымдар қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаны қалай жасады
Опубликовано:

Әлем ғалымдары вакциналармен жұмыс істеу барысында коронавирустың басқа да белгілі түрлері туралы мәліметтерді пайдаланды. Зерттеушілер бірнеше жылдар бойы ұқсас вирустарға қарсы вакциналар әзірлеумен айналысты деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.
Аталған жұмыстар барысында алынған мәліметтер COVID-19-ға қарсы вакциналар дайындауға пайдасын тигізді.
Әдетте, үміткер-вакцина бар кезде сынақ кезеңдері үздіксіз, кейде үзілістермен жүргізіледі.
Адамдар арасында инфекцияның жоғары жұғу деңгейі туралы деректер жинауды жылдамдатуға мүмкіндік берді. COVID-19-дың көптеген жағдайларының салдарынан клиникалық зерттеулерге қатысушылар коронавирус инфекциясын тез жұқтырды, сондықтан нәтижелер де қысқа мерзімде дайын болды.⠀
Өзге де маңызды себептер:
- Ел Үкіметтері зерттеулер мен сынақтар жүргізуге ірі көлемде қаржы жұмсады;
- Сынақтың барлық кезеңдерінде вакцинациядан өтуге ниет білдірген еріктілер саны көп болды;
- Деректерді талдау мен ғылыми рецензия процестің барысында үздіксіз жүргізілді
- Вакциналар өндірісі үшінші кезеңнің соңына дейін дайын болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910196-galymdar-qysqa-merzimde-covid-19-ga-qarsy-vakcinany-qalai-zasady/