RU

Торттың 40 түрін пісіретін оралдық оқушы жерлестерін тәнті етті

Бейбарыс11
Кадр: Астана арнасынан

Оралда торттың 40 түрін пісіретін 13 жастағы Бейбарыс Сұлтан есімді жеткіншек тұрады. Жасөспірім бұл өнерді 8 жасынан бастап меңгерген деп хабарлайды Астана арнасы.

Бала кезінен әжесіне еріп жүріп, түрлі тамақ дайындауға қызығатын Бейбарыс тәтті пісіруді де тез меңгеріп алған.  

Сабақтан қолы босаса түрлі тәттілер әзірлейді. Кішкентай аспаздың қолынан шыққан торттар көпшіліктің де көңілінен шығып жатқан көрінеді. Себебі тәттілерге тапсырыс берушілер көп екен.

"Мен қазір торттың 35-40 түрін пісіре аламын. Енді Алла қаласа, тағы да көп жерлерге мастер класқа барамын, әлі талай үйренемін. Өзім өскенде нан цехын ашқым келеді", - дейді Бейбарыс Сұлтан.

Бейбарыс тандыр нан мен құрма қосылған дәмді күлшелер де пісіреді. Бұл өнімдерге де   сұраныс жоғары екен. Сондай-ақ, ораза басталғалы ауыз бекіткен жандарға сый ретінде таратып жүр. Ал анасы баласының еңбекке араласқанына, өзіне қолғабыс болғанына дән риза.    

"Қазір деген рахат! Қонақ шақырсам, өзім тамаққа кетіп қаламын. Столды жайнатып, сервировкасын жасап қояды. Бәрін пісіріп қояды. Расымен де мақтанғаным емес", - дейді Бейбарыстың анасы Диана Сұлтанова.

Материал авторы Е. Карин

Айта кетейік, бұған дейін той қонақтарына алып торт ұсынған жас жұбайлар жайлы жазған едік. Тәттінің түрі хан сарайын еске түсіреді.

Алайда желі қолданушыларының дені мұндай тортқа тапсырыс беруді ысырап санаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910208-torttyn-40-turin-pisiretin-oraldyq-oqusy-zerlesterin-tanti-etti-video/