Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы көшелеріне құны 9 миллион тұратын дәретхана қойылмақ

Опубликовано:

Дәретхана22
Фото: Хабар24

Алматы көшелеріне құны 9 миллион тұратын 20 әжетхана қойылады деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, қаланың туризм басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтына дәретхана модулін жасау және монтаждау бойынша конкурс жариялаған. Жобаның жалпы құны – 178,5 миллион теңге.

Жұрт қажетін өтейтін жердің неге соншалықты қымбаттығын басқарма өкілдері қаланың туристік келбетімен байланыстырып отыр.

Заманауи үлгідегі әжетхананың эскиздік сызбалары қаланың дизайнына сай жасалған.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, дәретханаларда қабырғаға орнатылатын жылу электр конвекторы және суды жылытуға арналған қазандық болады.

Дәретханалар қаланың орталық көшелеріне қойылмақ. Жылдың соңында қолданысқа берілетін дәретханаларға кіру ақысы 100 теңге болмақ.

Ал қала көшелеріне дәретхана қою қала тұрғындарының өтініші бойынша қолға алынған екен.

"Мұндай дәретханаларға сұраныс бар. Қала тұрғындары мен қонақтарының ұсынысы болған. Дәретхананың бағасы компаниялардың коммерциялық ұсыныстары негізінде жасалды. Бұл сомаға дәретхана модулін жасау, құрастыру, жеткізу құны мен сантехникалық құралдарының бағасы кіреді. Дәретханаларда желдеткіш, жылыту, сыртқы бақылау камералары орнатылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де тиісті талаптар ескерілген", - дейді қалалық туризм басқармасы басшысының орынбасары Марлен Маралов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910222-almaty-koselerine-quny-togyz-million-turatyn-daretxana-qoiylmaq/

pixel