Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында оқушы қыздар көз жұмған жол апаты: Іс сотқа жолданды

Опубликовано:

Сот12
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысы Қорам ауылында төрт оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты іс сотқа жолданды. Тергеу процесі аяқталды деп хабарлайды өңірлік прокуратура ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, күдікті Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы 4-бөлігі бойынша (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізу) айыпталуда.

Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"28 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданының прокуратурасы айыптау актісімен қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жолдады", - дейді Алматы облысының прокуратурасы.

Еске сала кетейік, қайғылы жайт 2 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында болған еді. 54 жастағы жүргізуші 8-9 жастағы 4 оқушыны қағып кеткен болатын.

Жол апатының салдарынан 3 қыз бала зардап шегіп, кейін олардың екеуі көз жұмды.

Ал жүргізушінің сол кезде көлікке мас күйінде (орташа дәрежеде) отырғаны анықталды.

Айта кетсек, бұл жайт мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты да бей-жай қалдырмады. Президент көлік жүргізушісін заңға сәйкес жауапқа тарту үшін аталған оқиғаны жан-жақты тексеру жөнінде тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910242-almaty-oblysynda-tort-oqusyny-qaqqan-zurgizusige-qatysty-is-sotqa-zoldandy/

pixel