Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екпеге қарсы адамдарды тыңдаудың керегі жоқ": Дәрігер вакцина алудың артықшылығын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медицина орталығы директорының орынбасары Сәуле Атығаева көпшілікті вакцина салдыруға шақырды. Оның сөзінше, өз денсаулығыңызды үлкен қатерге тіккенше, вакцина алған әлдеқайда ақылға қонымды хабарлайды Қазақпарат.

"Еліміздегі әр адам медициналық ұйымға немесе арнайы пунктке барып өмірінің 30 минутын вакцина алуға бөле алады деп ойлаймын. Себебі бұл жұмыс өте жақсы пысықталған. 30 минуттан артық уақыт шығындамайсыз. Осы 30 минуттан кейін қалыпты алаңсыз өмірге оралуға болады. Тағы 21 күн өткеннен кейін - екінші 30 минутты қиса болды. Антидене осылай қалыптасады. Вакцина алғаннан кейін кейбір адамдар ауырсыну сезінуі мүмкін. Бірақ мұндай әсерлер 1-2 күннен аспайды яғни өз денсаулығыңызды үлкен қатерге тіккенше, вакцина алған әлдеқайда ақылға қонымды", - дейді ол.

Маман өзінің тәжірибесінде бұған дейін екі індетпен бетпе-бет келгенін, вакцинаның оларды қалайша тоқтатқанын баяндап берді.

"Мен мұны 28 жыл еңбек өтілі бар инфекционист дәрігер ретінде айтып отырмын. 1994-95 жылдары дифтерияның өршігенін көрген адаммын. Ол кезде де түгел отбасыларды көмгеніміз есімде.

Медицинаның арқасында, вакцинаның арқасында ол індетті де жеңген болатынбыз. Содан бері 25 жыл өтті. Дифтерияның бірде-бір жағдайын кездестірген жоқпын. Тіпті қызылшаға қарсы балалар вакцинасы болмаған кезді де көрдік. Вакцина табылғаннан бері оның да өршігенін көрген жоқпыз. Сондықтан екпеге қарсы адамдарды тыңдаудың керегі жоқ", - дейді Сәуле Атығаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910304-ekpege-qarsy-adamdardy-tyndaudyn-keregi-zoq-otandyq-dariger-vakcina-aludyn-artyqsylygyn-aitty/

pixel