Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан бір жарым ай бойы "қызыл" аймақта: Cанитар дәрігер себебін түсіндірді

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қалалық әкімдіктің онлайн-брифингінде санитар дәрігер Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көптеп тіркелу себептерін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елорданың санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр, қала коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бір жарым айдан бері "қызыл" аймақта тұр.

"Коронавирус инфекциясының тұрақты тіркелуінің негізгі себептеріне тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, бетперде тақпау, амбулаториялық емделушілердің де, тығыз байланыстағы адамдардың да үйдегі карантин режимін сақтамауы жатады", – дейді санитар дәрігер.

Қалада тәулігіне 300-ден 600-ге дейін коронавирустың жаңа жағдайлары тіркеледі. Соңғы 6 күнде ауру таралу көрсеткіші аздап төмендеді.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2883 адам тіркелген болатын.

Оның 584-і Нұр-Сұлтан қаласында. Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 316 965-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 2850 адам індеттен жазылып шықса, 17 адам көз жұмған.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан қаласындағы көпбейінді медицина орталығы директорының орынбасары Сәуле Атығаева көпшілікті вакцина салдыруға шақырды.

Оның сөзінше, өз денсаулығыңызды үлкен қатерге тіккенше, вакцина алған әлдеқайда ақылға қонымды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910315-nur-sultan-bir-zarym-ai-boiy-qyzyl-aimaqta-sanitar-dariger-sebebin-tusindirdi/

pixel