Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы генерал-майоры өмірден өтті

Опубликовано:

Саят Мыңбаев
Саят Мыңбаев. Фото: ҰҚК ресми сайты

Кеше, 28 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлы өмірден өтті. Ол 72 жаста болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Генерал-майордың көз жұмғаны туралы ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.

"Қазақстан Республикасы ҰҚК мен "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚҰ басшылығы орны толмас қаза - ҰҚК ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Саят Мұхаметбайұлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау департаментін басқарған.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы, танымал кәсіпкер Халиль Улуер жол апатынан көз жұмған еді.

Оның қазасы жөнінде Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабарлады.

Одан бөлек, Оралда 74 жасқа қараған шағында облыстық мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Ақ халаттылар депутаттың 9 сәуір күні ауырып қалғанын айтады. Ол бастапқыда үйінде өздігінше емделген. Ал 12 сәуір күні коронавирусқа тексеріліп, нәтижесі оң болып шыққан. Дәрігерлердің сөзінше, науқастың басқа да аурулары болған.

Айта кетейік, 2018 жылы Қатауолла Ашығалиев Орал қаласының Құрметті азаматы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910316-ulttyq-qauipsizdik-komitetinin-otstavkadagy-general-maiory-omirden-otti/

pixel