RU

Ақтауда әйел адамды өлтіріп, 3 млн теңгесін ұрлаған қылмыскер ұсталды

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтауда әйел адамды өлтіріп, 3 миллион теңгесін ұрлаған қылмыскер құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қанды оқиғаны тергеп-тексеру барысында қаза тапқан әйелдің «Kaspi Gold» картасынан үш миллион теңге сомасындағы қаражаты жоғалғандығы анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі.

Күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910325-aqtauda-aieldi-oltirip-3-mln-tengesin-urlagan-qylmysker-ustaldy/