Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 300-ге жуық адам карантинді бұзғаны анықталды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қалалық әкімдіктің онлайн-брифингінде санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордада коранавирус жұқтырған 299 азамат анықталғанын, олар үй карантинін бұзып, қала ішінде еркін қозғалып жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтан қаласының санитар дәрігері жүздеген астаналық, сондай-ақ олармен байланыста болғандар үй карантинін сақтамайтынын мәлімдеді. Олардың елордадағы мекемелерге барғаны Ashyq қосымшасы арқылы тексерген кезде анықталған.

"Тыйым салынғанына қарамастан, олар үй карантинін бұзады, бұл нысандарға баруымен расталады. Ashyq жобасының қатысушылары, оған сәйкес тек сәуір айында 736 үй карантинін бұзушылар анықталды. Олардың 299-ы науқастар және 437-сі байланыста болғандар", – деді Бейсенова.

Еске салсақ, қалалық әкімдіктің онлайн-брифингінде санитар дәрігер Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтыру көптеп тіркелу себептерін айтқан еді.

Елорданың санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, Нұр-Сұлтандағы жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр, қала коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша бір жарым айдан бері "қызыл" аймақта тұр.

"Коронавирус инфекциясының тұрақты тіркелуінің негізгі себептеріне тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауы, атап айтқанда, адамдар көп шоғырланған орындарға бару, бетперде тақпау, амбулаториялық емделушілердің де, тығыз байланыстағы адамдардың да үйдегі карантин режимін сақтамауы жатады", – дейді санитар дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910352-nur-sultanda-koronavirus-zuqtyrgan-300-ge-zuyq-adam-karantindi-buzgany-anyqtaldy/

pixel