Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелге жылына бір-ақ рет шығуға рұқсат беретін заң жобасы әзірленіп жатқаны рас па

Опубликовано:

Әуежай
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелге жылына бір-ақ мәрте шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама таратылуда. Алайда бұл жалған ақпарат деп жазады Stopfake.kz.

Бұл "жаңалықтың" түпнұсқасы Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Аккаунттың профилінде барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ деп жазылған.

Дегенмен, блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды бұл ақпараттың шынайылығына сендірген.

Осы ретте еліміздің ішкі істер министрлігі пікір білдіріп, шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Инстаграм қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта ІІМ көші-қонға қатысты 23 келісімге қол қойды, оның 15-і реадмиссия туралы, 5-і көші-қон саласында және 3-і болу тәртібі туралы.

ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, "Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар", – делінген ведомство жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910368-qazaqstandyqtarga-setelge-zylyna-bir-aq-ret-syguga-ruqsat-beretin-zan-zobasy-azirlenip-zatqany-ras-pa/

pixel