Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда 94 жастан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері вакцина салғызды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Петропавл тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Дёмин коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Қазіргі уақытта қарияның жағдайы жақсы деп хабарлайды Қазақпарат.

Ұлы Отан соғысының ардагері № 2 қалалық емханаға барып, үш күн бұрын вакцина салдырған.

Николай Дёмин алғашқы күндері өзің жайсыз сезінгенін жеткізді.

"Емханадан хабарласып, вакцина салдыруға шақырды. Алғашқы екі күн өзімді жайсыз сезіндім. Басым ауырды, әлсіздік болып, жаттым. Мамандар аздап ауыруың мүмкін деп мені ескертті. Ал бүгін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Еш жерім ауырмайды. Екпе алғаныма қуаныштымын, енді ауырсам да жеңіл өтеді. Сондықтан барлығын вакцина қойдыруға шақырамын", - дейді соғыс ардагері.

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ұсынған ақпаратөқа сәйкес өңірде бүгінге дейін 28 мың адам коронавирусқа қарсы екпе алған.

Оның 7 мыңға жуығы толық вакцинациядан өтті.

Мамандардың айтуынша, жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың 30 пайызы – 4 158 адам – 60 жастан асқандар.

Айта кетейік, Николай Дёмин 1943 жылдың қазанында 18 жасында әскер қатарына алынып, жарты жылдан кейін майданға аттанған екен.

Жаяу және танк әскерлері құрамында соғысқан жауынгер жеңісті Литва жерінде қарсы алыпты.

Майданда екі рет жарақаттанған. Ал соғыстан соң зейнет демалысына шыққанға дейін "Есіл су»"кәсіпорнында еңбек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910374-petropavlda-94-zastan-asqan-uly-otan-sogysynyn-ardageri-vakcina-salgyzdy/

pixel