Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қаруланған қылмыстық топ қолға түсті (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Алматы облысының полиция департаменті

Алматы облысының тәртіп сақшылары қаруланған бопсалаушылар тобын ұстады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, ағымдағы жылдың 24 ақпанында Алматы облысының полиция департаментіне 45 жастағы Талдықорған қаласының тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу 9 миллион теңге бопсалағанын айтқан.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес тіркелді (Ірі мөлшерде мүлік алу үшін бір топ адамдармен бопсалау).

20 сәуірде арнайы операция кезінде криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарқандта Алматы облысының 26, 28 және 56 жастағы үш тұрғынын ұстаған.

Олардың біреуін тінту кезінде жедел уәкілдер кесілген екі мылтық, үш патрон мен тапанша тауып алды.

Қаруды сақтау фактісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген.

Барлық күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды.

Фото
Фото: Алматы облысының полиция департаменті

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда заңсыз салынған ірі көлік жуу нысаны сүрілгенін жазған болатынбыз.

Сот шешімімен мегаполистің №1 шағын ауданында орналасқан көлік жуу орны бұзылған.

"Жоспардан тыс тексеру кезінде №1 шағынауданы 95А, мекенжайында 22х9 және 4х5 метр жер учаскесінде рұқсатсыз құрылыс жүргізілгені анықталды. Біз бірден сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 319-бабы бойынша ("Өндiрiстiк, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектiлердi жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу") бойынша талап-арыз бердік. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімі бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910379-almaty-oblysynda-qarulangan-qylmystyq-top-qolga-tusti-foto/

pixel