Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Судьядан миллиондаған доллар тәркіленді": Алматы соты ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

сот
Көрнекі фото: jasqazaq.kz

Алматы қаласының соты ұсталған судьядан аса ірі көлемде қаражат тәркіленді деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлеуметтік желілерде Медеу аудандық сотының судьясы Светлана Жолманованы тінту кезінде төмендегідей ақша табылды деген ақпарат тарады: (кабинетінен 4 500 доллар, үйін тінту барысында 2 800 000 доллар, жеке көлігінен 600 000 доллар, застройщиктен - 1 180 000 доллар пара алған), деген. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды",- деді Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, судьяның кеңсесінен 10 000 доллар тәркіленген, ал үйінен ештеңе тәркіленбеген.

Судьяның өкілеттігі Жоғарғы Сот төрағасының бұйрығымен тоқтатылды.

Алматы қалалық соты жалған ақпарат таратумен айналысқан адамдарды жауапқа тарту туралы Алматы қаласының прокуратурасына арыз түсірді.

Естеріңізге сала кетейік, заңгер Айгүл Орынбектің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында аудандық судьяның аты-жөні мен тінту кезінде қанша ақша табылғаны жөнінде ақпарат жария болды.

"Алматы қаласы Медеу ауданы судьясы Светлана Жолманова парамен ұсталды. Кабинетінде 4500$, үйін тінту барысында 2 800 000 $. Ал жеке көлігінде 600 000 $. Застройщиктен - 1 180 000 доллар пара алған! Бір жәй ғана судьяның өзі осындай парамен ұсталып отырса, төрағалар жұтып жатқан шығар иә?", - дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910395-sudyadan-milliondagan-dollar-tarkilendi-almaty-soty-aqparatqa-pikir-bildirdi/

pixel