Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық дәрігер: Жұқпалы аурулармен күресте вакцинадан артық ештеңе шығарылған жоқ

Опубликовано:

Вакцина салу
Көрнекі сурет: pexels.com

Жұқпалы аурулармен күресу үшін вакцинадан артық ештеңе ойлап табылған жоқ. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, иммунолог, профессор, денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медицина бұйымдарын сараптау орталығының сарапшысы Павел Дерябин мәлімдеді деп жазады Қазақпарат.

"Коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтқанда, адамзаттың жұқпалы аурулармен күресу үшін иммунопрофилактика мен вакцинациядан артық ештеңе ойлап таппағанын еске алған жөн. Бұл – адамзаттың ең үлкен жетістігі. Осының арқасында қазір біз аурудың мүлдем басқа құрылымына ие болдық. Біріншісі – бізде табиғи шешек мүлдем жойылды. Ол туралы көп айтылды, тағы да айта беруге болады. Бұл миллиондаған және ондаған миллион адамның өмірін қиған ауру. Бүгінгі таңда бізде аурулар құрылымында дифтерия, қызылша, көкжөтел жоқ. Біз бұл аурулардың клиникалық көрінісін ұмыта бастадық. Мұның бәрі осы ауруларға қарсы жоспарлы вакцинацияның болуына байланысты", - деді Дерябин.

Отандық иммунолог Қазақстандағы вакцинацияға қарсы қозғалыстың ұзақ уақыттан бері пайда болғанын және коронавирусқа қарсы вакцинацияға байланысты еместігін жеткізді.

Вакцинацияның арқасында қауіпті жұқпалы аурулардың эпидемиясы тоқтағандықтан және инфекциялар болмағандықтан, кей адамдар вакцинация қажет емес деп санайды.

"Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының тәжірибесі көрсеткендей, халықты вакцинациялауға назардың әлсіреуі, материалдық базаның әлсіреуі әрдайым дифтерия, қызылша және т. б. сияқты инфекциялармен сырқаттанудың «өршуіне» әкеледі. Сондықтан БҰҰ вакцинациядан бас тартуды Жер тұрғындарының денсаулығы үшін ең қауіпті 10 факторға енгізді. Қазақстандағы инфекциялық аурулардан қорғау тетігі, инфекциялық аурулардың алдын алу саласында жинақталған білім коронавируспен күресуге және қалыпты өмірге оралуға көмектеседі", - деді медицина ғылымдарының докторы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910403-otandyq-dariger-zuqpaly-aurularmen-kureste-vakcinadan-artyq-estene-sygarylgan-zoq/

pixel