Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте 2853 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2853 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 319 818-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 566,

Алматы қаласы - 675,

Шымкент қаласы - 105,

Ақмола облысы - 150,

Ақтөбе облысы - 130,

Алматы облысы - 180,

Атырау облысы - 80,

Шығыс Қазақстан облысы - 101,

Жамбыл облысы - 77,

Батыс Қазақстан облысы - 155,

Қарағанды облысы - 255,

Қостанай облысы - 26,

Қызылорда облысы - 70,

Маңғыстау облысы - 57,

Павлодар облысы - 146,

Солтүстік Қазақстан облысы - 35,

Түркістан облысы - 45.

Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Cонымен қатар, 29 сәуірдегі мәлімет бойынша: "қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары "сары" аймақта орналасқан.

"Жасыл"» аймаққта– Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910434-qazaqstanda-otken-taulikte-2853-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel