Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелді өлтіре жаздады": Теміртауда кезекке таласқан тұрғындардың видеосы тарады

Опубликовано:

Теміртау
Кадр: "Астана" арнасы

Теміртауда кезекке таласқан тұрғындар бір-бірін итеріп, құлатып, емханаға кірмек болды деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Келеңсіз жағдай Теміртау қаласындағы №1 емхананың кіреберісінде болған. Таңғы 8-де есік ашылысымен тезірек ішке кіруге таласқан жұрттың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті.

Кезекте тұрған ығы-жығы адам бір-бірін итеріп, құлатып, емханаға кірмек болады. Жазба авторының айтуынша, жұрт жерге құлаған әйелді де басып-жаншып өтпекші болған.

Ал жиналғандар "осындай жағдайдың қалыптасуы - емханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан" дейді. Алайда емхана директоры оның себебін басқаша түсіндіреді.

"Емхана таңғы 8 ден кешкі 8- ге дейін жұмыс істейді. Есіктер 7.45-те ашылады. Науқастарды қабылдау басталардан 15-20 минут бұрын келуге шақырамыз. Алайда олар бүгінгідей тым ерте келіп алады. Салдарынан қаншама адам кептелісіп қалды", - дейді Теміртау қалалық №1 емхананың директоры Гүлнар Есімсейіт.

А. Қуаш

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырып, ауруханадан қашқан оралдықтың өлі денесі көшеден табылғаны туралы жазған едік.

Дәрігерлердің дерегінше, ол облыстық ауруханада бір апта емделген. Компьютерлік томография жасалғанда өкпесінің 50 пайызы жарамсыз екендігі анықталыпты. Алайда 65 жастағы азамат, белгісіз себептермен ауруханадан қашып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910439-aieldi-oltire-zazdady-temirtauda-kezekke-talasqan-turgyndardyn-videosy-tarady/

pixel