Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулік ішінде қанша адам коронавирустан көз жұмды

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі сурет: РИА Новости

Қазақстанда тәулік ішінде COVID-19-дан және коронавирус белгілері бар пневмониядан тағы 33 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігі ресми telegram-каналында елімізде коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар туралы соңғы мәліметтерді жариялады.

Мекеме ұсынған мәліметке сенсек, елімізде дерттен тәулік ішінде қаза тапқандардың саны - 33 адам. Тағы 105 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталғаны хабарланды. Бұл дерттен соңғы тәулікте 3 қазақстандық көз жұмған. Ал коронавирустан 24 сағат ішінде бірден 30 адам қаза тапты.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, пандемия басталғалы коронавирустың құрбаны болғандардың жалпы саны 3668 адамды құрап отыр.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 2020 жылдың тамызынан бастап республиканың 794 тұрғыны қаза тапқан.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырып, ауруханадан қашқан оралдықтың өлі денесі көшеден табылғанын жазған едік.

Дәрігерлердің дерегінше, ол облыстық ауруханада бір апта емделген. Компьютерлік томография жасалғанда өкпесінің 50 пайызы жарамсыз екендігі анықталыпты. Алайда 65 жастағы азамат, белгісіз себептермен ауруханадан қашып кеткен.

Ер адамның өзгелерге дертті жұқтыруы мүмкін екендігін ескерген полиция дереу іздеу жариялайды. Бірақ оған қатысты дерек тек бір айдан кейін шығып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910453-elimizde-bir-taulik-isinde-qansa-adam-koronavirustan-koz-zumdy/

pixel