Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ алдағы мерекеге байланысты азаматтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев алдағы мереке күндері қарсаңында ел азаматтарына үндеу жасады деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

"Мерекелік күндердің жақындағанын ескере отырып, алдағы демалыс уақыттарын шағын отбасылық ортада өткізуді, адамдармен тікелей байланыстарды азайтуды, халық көп шоғырланатын іс-шараларды ұйымдастырмауды және оларға қатыспауға шақырамын", - дейді Ержан Байтанаев.

Оның сөзінше, әлем елдерінде вирустың таралуы шарықтау шегіне жетіп, пандемия құрбандарының саны күн санап артып жатыр.

"Медицина ғалымдары да коронавирустың мутацияланған жаңа штамдарының жұғу қарқыны екі есе жылдам екендігін және ауру әлдеқайда ауыр өтенінін айтып дабыл қағуда. Ал адам көп шоғырланған ортада инфекцияны жұқтыру қаупі еселене түседі. Сондықтан біз барлық мерекелік іс-шараларды онлайн форматта немесе өзіңіздің отбасыңызбен үйіңізде өткізуді ұсынамыз", - дейді ол.

Маманның пікірінше, коронавирустың жаппай таралуын ауыздықтаудың ұтымды жолы бұл сақтық шараларын қатаң сақтау және вакцина салдыру.

"Қазір өңірлердің басым көпшілгі "қызыл" аймақта. Сәйкесінше ойын-сауық, салтанатты іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынған. Дегенмен де ережеге енжарлық танытып, карантин талаптарын бұзушылар әліде азаймай отыр.

Құрметті қазақстандықтар! Сақтық шараларына бей-жай қарамауға шақырамын. Бұл жарқын мерекені ең жақын адамдармен бірге өткіңіз, өзіңізге қамқор болыңыз", - дейді Ержан Байтанаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910608-dsm-aldagy-merekege-bailanysty-azamattarga-undeu-zasady/

pixel