Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жазаланды

Опубликовано:

Көлік
Фото: Түркістан облысы Полиция департаменті

Түркістан облысында "GULAM" деген жазуы бар нөмір таққан Mercedes көлігін тізгіндеген жүргізуші ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Сайрам ауданының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Mercedes маркалы көлігінің жол қауіпсіздік ережелерін бұзған сәті түсірілген видеоны анықтаған.

Видеодан жүргізушінің мемлекеттік нөмір тұратын жерге өз есімін жазып алғаны, онымен қоймай басқа көліктерді басып озу мақсатында жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгілі болған.

Осыдан кейін аудандық полиция қызметкерлері аталған жүргізушіні табу бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізген.

Нәтижесінде автокөлік анықталып, оның иесі Ақсукенттің тұрғыны болып шыққан. Ер адам істеген ісіне өкінетінін айтып, бұл әрекетін енді қайталамауға уәде берген.

Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін ол Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің үш бірдей бабымен жауапқа тартылған: 590-баптың 4-бөлігімен "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", 593-баптың 2-бөлігімен "Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау", 596-баптың 2-бөлігімен "Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу".

Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.

Осы ретте Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелерін жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910615-turkistan-oblysynda-kolik-nomirinin-ornyna-esimin-zazyp-algan-zurgizusi-zazalandy/

pixel