Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жер опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті (фото)

Опубликовано:

Жол
Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматы орталығында жер опырылып, құтқару қызметінің көлігі түсіп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға болған жерде түсірілген суреттер Instagram әлуметтік желісінде пайда болды.

Құтқару қызметінің мәліметінше, 30 сәуірде 109 экипажы Назарбаев даңғылы 124 мекенжайындағы үй балконы мен қалқанына қауіп тудыратын бұтақтарды кесу үшін шақырту алған.

"Шақырту орнына жеткенде, 109 Қызмет көрсету бөліміне тиесілі авто-гидравликалық көтергіштің оң жақ артқы дөңгелегі жер астына түсіп кетті. Ол жер жазда субұрқақ ретінде пайдаланылған.

Оған қарамастан, автокөлік шұңқырдан шығарылып, құтқарушылар экипажы апат жағдайын тудырған бұтақтарды кесу жұмыстарын аяқтады. Оқиға болған жерге полиция қызметкерлері мен Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының мамандары шақырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Нұр-Сұлтан қаласында да болған еді. Иманов және Бейсекбаев көшелерінің қиылысындағы жолдың екі жерден опырылып қалған фотосы желіде жарияланған болатын.

Сонымен бірге, елордадағы Ш. Уәлиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысында да шұңқыр пайда болып, оған Toyota маркалы көлігінің түсіп кеткенін жазған едік.

Сол кезде қала әкімдігі бұған жол берген мердігерлердің жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910632-almatyda-zer-opyrylyp-qutqaru-qyzmetinin-koligi-tusip-ketti-foto/

pixel