Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Опубликовано:

Ескендір Хасанғалиев
Фото: Отбасының жеке мұрағатынан

Танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев қайтыс болды. Суыт хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық әртісі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын", - деп жазды Нұрқиса Дәуешов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқанын жазған едік.

Кейінірек, әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев халық әртісінің жағдайы күрт нашарлағанын хабарлаған болатын.

“Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін", - деген еді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

"Әдемі-ау", "Асыл арман", "Атамекен", "Бозторғай", "Елігім-еркем", "Есіңе ал", "Ескірмеген махаббат", "Гүл сезім" сынды бірнеше әннің авторы.

"Құрмет", "Отан" ордендерімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты, Алматы және Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Ескендір Хасанғалиевтің жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910638-eskendir-xasangaliev-omirden-otti/

pixel