RU

Ақтөбе әуежайына Әлия Молдағұлованың есімі берілді

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе халықаралық әуежайы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайы болып өзгертілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үкіметтің тиісті құжаты 2021 жылдың 28-сәуірінде шыққан.

№276 қаулыға сәйкес "Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлова есімі берілді.

Жаңа қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды күшіне енеді.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа қаулы 1993 жылы 8-желтоқсан күні шыққан Қазақстан Республикасы "Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" заңының 10 бабы, 4 бөлімі 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сүйеніп жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910642-aqtobe-auezaiyna-aliya-moldagulovanyn-esimi-berildi/