Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді

Опубликовано:

Кітаптар
Көрнекі фото: Facebook

"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқу үшін ұсынылатын жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №200 бұйрығымен 2021-2023 жылдары "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқу үшін ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.

Алғаш рет жоғары оқу орындардың тізімі бірден 3 жылға бекітілді.

Бұл формат үміткерлерге "Болашақ" стипендиясын тағайындауға арналған конкурстық іріктеуге қатысуды жоспарлау мен дайындалуда қолайлы жағдай жасау мақсатында енгізілген.

Тізімге екі және одан да көп академиялық рейтингтердің (QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education) топ-250 позициясына кіретін 27 елдің 207 жоғары оқу орны кіреді.

"Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2021 жылғы 4 мамырда басталып, 28 қазанға дейін жалғасатынын еске саламыз", - дейді ведомство.

2021-2023 жылдарға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімімен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910682-bolasaq-bagdarlamasy-boiynsa-seteldik-zogary-oqu-oryndarynyn-tizimi-bekitildi/

pixel