Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялау енгізілетіні рас па

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда мәжбүрлеп вакцинациялауды енгізу және міндетті профилактикалық екпелер тізімін кеңейту жоспарланып отыр деген ақпарат тарады. Алайда stopfake.kz мұның жалған екенін хабарлады.

Желідегі мәліметке сүйенсек, Қазақстанда мәжбүрлі вакцинациялау енгізілмек. Сонымен бірге екпелер тізіміне адам денсаулығына қауіпті бірнеше вакцина енгізілген.

Осы ретте елімізідің денсаулық сақтау министрлігі міндетті профилактикалық екпелер тізіміне енгізілетін өзгерістер мен вакцинациялауға мәжбүрлеу туралы хабарламаларды жоққа шығарды.

"Қазіргі уақытта үкіметтің мұндай қаулысы талқыланып жатқан жоқ. Міндетті профилактикалық вакциналар тізімі 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №612 қаулыда көрсетілген. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 77-бабына сәйкес, азаматтар профилактикалық егулерді қоса алғанда, барлық медициналық манипуляциялардан хабардар етілген келісімге немесе бас тартуға құқылы", – деп хабарлады ведомство.

Еске сала кетсек, бұған дейін желілер мен мессенджерлерде Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға шетелге жылына бір-ақ мәрте шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама таралған еді. Алайда ведомство бұл мәліметті теріске шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910686-qazaqstanda-mazburlep-vakcinaciyalau-engiziletini-ras-pa/

pixel