RU

Еліміздің бас санитариялық дәрігері "Спутник V" вакцинасының кестесі не себепті өзгергенін түсіндірді

Вакцина
Көрнекі фото: Andreas Rentz/Getty Images

Қазақстаннның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронвирусқа қарсы вакцинация кестесінің өзгеруіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы негізінде 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап "Спутник V" вакцинасының кестесіне өзгеріс енгізілген.

Осы ретте вакцинаның екінші компонентін 45 күн ішінде салу мүмкін болмаса (демалыс, мереке күндеріне тұспа-тұс келу, басқа елді мекенге шығу және басқалары) екпені 90 күн ішінде салуға болады.

"Вакцинация кестесіне қатысты бұл ұстаным профессор, РҒА академигі, Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры А. Гинцбургтың 2021 жылғы 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесіне негізделген.

Аталған мәлімдемеге сәйкес "Спутник V" вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін енгізу арасындағы интервалды ең аз ықтимал 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтуға болады және интервалды ұлғайту иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді.

Бұл халықты иммундауды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда интервалды ұзарту адамның иммундық реакциясының күші мен ұзақтығының артуына әкеледі", - дейді Қиясов.

Оның сөзінше, қазіргі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, халықты коронавирустан қорғау мақсатында вакцинаның бірінші компонентімен екпе процесін жеделту қажеттілігі туындап отыр.

"Вирустың жаңа мутацияларының пайда болу ықтималдығын барынша азайту үшін халық арасында коронавирустың айналымын азайтуға бағытталған шаралар қабылдануда.

Осыған байланысты, вакцинаны әзірлеушінің жоғарыда көрсетілген мәлімдемесінің негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі "Спутник V" вакцинасының екі компонентін енгізу арасындағы интервалды ұзарту және бірінші компонентті енгізгеннен кейін 45-ші күні екінші компонентпен егу туралы шешім қабылдады.

Бұдан басқа организмінің қарсыласуы төмен адамдарда интервалды ұлғайту иммунитеттің шиеленісінің жоғарылауына және иммундық қорғаныс ұзақтығының қалыптасуына ықпал етуі мүмкін", - дейді Қиясов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910692-elimizdin-bas-sanitariyalyq-darigeri-sputnik-v-vakcinasynyn-kestesi-ne-sebepti-ozgergenin-tusindirdi/