Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды мамыр айында не күтіп тұр: Астролог болжам жасады

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова мамыр айына болжам жасады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жұлдызнамашының айтуынша, ғаламшар халқы 26 мамырда Айдың толық тұтылуына куә болады. Астрономиялық құбылыс Австралия, АҚШ пен Оңтүстік Американың батысында,  Оңтүстік-Шығыс Азияда көрінеді.

"Айдың тұтылуы адамдарға күшті эмоция, көңіл-күй сыйлайды. Сондай-ақ ол алған бетінен қайтпау, дауласу, пікірталасты білдіреді. Бұл кезеңде қомақты ақшаға тауар сатып алмаған жөн. Ұрыс-керістен аулақ жүруге тырысу керек. Өйткені артық сөз айтып, ренжітіп алуыңыз мүмкін, тіпті өтірікпен шындықты бұрмалап жіберуіңіз ғажап емес", - дейді астролог.

Әбдірайымова Айдың тұтылуына үш күн қалғанда, бір апталық диетаға отыруға немесе ұзақмерзімді арықтау процесін бастауға кеңес берді. Бұл уақытта денсаулыққа зиянды тағамдарды жемей, жаман әдеттерден арылған абзал.

Мамырдың әр күніне болжам

1-3 мамыр – идея көп, бірақ оны жүзеге асыруға энергия жетпейді, есесіне ақыл-ой жұмысы үшін жақсы кезең.

5-7 мамыр  – серіктестік қарым-қатынас, романтикалық кездесу, таныстық, махаббат уақыты. Ортақ қаржы, алимент, мұра, неке келісімшартына қол қою секілді мәселелер оңай шешіледі.

7-8 мамыр – шығындар артуы мүмкін, инвестиция құярда асығыс шешім қабылдамай, ысыраптан аулақ болыңыз.

9 мамырда адамдар өз теңін табуы мүмкін.

10-13 мамыр – белсенділік, бастамашылық артады, су және жермен байланысты жұлдыз белгілерін тосын сый күтіп тұр. Логикалық, сыни ойлау жүйесі жақсы жұмыс істейді.

13-14 мамыр – романтизм, рухани даму, түсіністік.

16-18 мамыр – адамның күш-қуаты тасып, еңбекке деген ынтасы артады, өз-өзіне сенімділік пайда болады, көп мәселе, әсіресе, құқыққорғау және күш құрылымдарымен байланысты проблемалар оң шешімін табады.

19-20 мамыр – ұзақ әрі бақытты қарым-қатынас құруға таптырмас кезең. Жан тыныштығы, үйлесімділік, әділдік.

Бірақ айдың соңғы он күндігінде мазасыз күндер басталады. Бір жағынан адамдар бір-бірімен араласуға, шер тарқатуға, жаңа ақпарат алуға ұмтылады. Десе де сақтықта қорлық жоқ: жалған ақпараттың құрбаны болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ астролог көлік иелеріне рөлде мұқият болуды ескертті.

20 мен 29 мамыр аралығы – медициналық тексерістен өтуге, диагноз қоюға қолайсыз кезең.

Торпақ, Тауешкі, Сарышаян, Шаян, Балықтар белгісінде туғандарға жыл бойы сәттілік серік болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910705-qazaqstandyqtardy-mamyr-aiynda-ne-kutip-tur-astrolog-bolzam-zasady/

pixel