Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда вакцинация төлқұжатын сатпақ болған медбике әшкере болды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда медбике адамның вакциналаудан өткенін растайтын электронды паспорт сатпақ болған деп хабарлайды Хабар 24.

Құжатты 15 мың теңгеге бағалапты. Дәрігермен келісіп, "екпе салынды" деген мәліметті біріңғай ақпараттық жүйеге енгізіп беруге уәде еткен.

Медбикенің өзі екі жылдан бері декреттік демалыста отырған болып шықты. Қазір осы оқиға бойынша қызметтік тергеу басталды.

Қоғамдық денсаулық басқармасыныңың мәліметінше, медбике ұсынған электрондық паспортты ешкім алып үлгірмеген. Қазір барлық медициналық ұйым, ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасы тексеріліп жатыр.

Ал қос бірдей медицина қызметкері жұмыс істейтін емхананың бас дәрігері әзірге қызметінен шеттетілді.

"Аталмыш дерек соталды бірыңғай тізілімінде қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша тіркеліп, анықтау басқармасы тергеуді жүзеге асыруда. Осы іске қатысы бар деген құқықтық тұлғалардың барлығына баға берілетін болады", - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина қабылдамаса да, екпе төлқұжатын иемденгісі келетіндердің есебінен пайда табуды көздегендердің әшкере болғанын жазған едік.

Бейтаныс адам қызмет құнын 15 мың теңгеге бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910709-almatyda-vakcinaciya-tolquzatyn-satpaq-bolgan-medbike-askere-boldy/

pixel