Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кәсіпкер 10 отбасыға үй алып берді (фото)

Опубликовано:

Фото
Фото: Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма

1 мамыр – Бірлік күні Балқаш ауданы, Бірлік ауылындағы 10 отбасы баспаналы болды. Белгілі кәсіпкер Жандос Әбдіжаппаров қуаныш иелеріне үйдің кілтін табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жомарт азамат ауылындағы агрофирмада 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ауыл азаматтарына тұрғын үй сыйлап, зор алғыс пен құрметке бөленді.

Атап айтсақ, көпбалалы екі отбасы, үшінші топ мүгедектігі бар бір отбасы, барлығы 10 отбасы баспаналы болған.

"Осы шаруашылықта жұмыс істегенімізге 16 жыл болды. Сол уақыттан осы үйде тұрып келе жатқанбыз. Бұрын совхоздың үйі болған. Енді, жекеменшікке беріп қуантып жатыр. Жандос Әбдіжаппарұлына рақмет. Осы үйден өсіп, өнейік",- деді ауыл тұрғыны Мұхтар Дүмшебаев.

Көптің батасын алған Жандос Әбдіжаппаровтың бұл алғашқы қайырымдылық шарасы емес.

"Осыдан 3 жыл бұрын 7 баспананың кілтін ауыл тұрғындарына табыстаған болатынбыз. Міне бүгін мереке күні тағы қуанышты жағдай боп жатыр. Мен Тәуелсіздік құрдасы әрі, елімнің патриоты ретінде ауылымның көркеюіне титтей де болса, үлесімді қосқым келеді. Жақсылық жасау жаныма қуаныш сыйлайды",- деді кәсіпкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910718-almaty-oblysynda-kasipker-10-otbasyga-ui-alyp-berdi-foto/

pixel