Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір қаласының маңына блок бекеттер қойылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін сенбіден бастап блок бекеттер қойылды деп хабарлайды Мой Город.

Басылым мәліметінше, өңірдің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарған. Оған сәйкес, 1 мамырдан бастап Орал қаласына, сонымен қатар Ақжайық, Бөрлі, Қазталов, Теректі, Бәйтерек және Шыңғырлау аудандарына кіріп-шығу шектелді.   

Орал қаласында жеті жерде блок бекет орнатылды, онда тәртіп сақшылары кезекшілік атқаруда:

  • Самара – Шымкент тас жолы, "Ақжол" кешенінің жанында Теректі ауданымен шектесетін жер;
  • жаңа көпір орналасқан аудан;
  • Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысы;
  • Саратов тас жолы мен Айтқұлов көшесінің қиылысы;
  • Белес ауылы жағынан кірер жердегі бекет;
  • Самара – Шымкент тас жолы, Самара қаласына барар жердегі бекет жаны;
  • Желаев тас жолы, "Орыс моншасы" кешеніне бұрылатын жер.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері рұқсат құжаттары мен stopcоvid.kz сайтында тіркеудің бар-жоғын тексеріп жатыр. Полицейлердің сөзінше, олар 12 сағаттан блок бекетте кезекшілік атқарады.

"Жағдай тұрақты, адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды", - дейді полиция қызметкері Бақдәулет Кәрімов.

Егер азаматтардың қолында анықтама болмаса және stopcоvid.kz сайтында тіркелмесе, олар 109-ға хабарласады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2877 адам тіркелді. Оның 155-і Батыс Қазақстан облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандардың саны 322 695-ке жетті.

1 мамырдағы мәлімет бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары орналасқан.

Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910722-qazaqstannyn-bir-qalasynyn-manyna-blok-beketter-qoiyldy/

pixel