Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады деп хабарлайды elbasy.kz.

"Сіздерді Пасха мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн ­– діни наным-сеніміне қарамастан барша қазақстандықтар үшін маңызды әрі салтанатты мереке. Өйткені тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздегі ұлттардың басқа да діни мейрамдарын құрметпен атап өту игі дәстүрге айналды.

Біз мәдениетімізді байыту арқылы қоғамымызды адамгершілік пен рухани тұрғыдан нығайтамыз. Елімізде салтанат құрған татулық пен рухани келісім – бәріміздің баға жетпес байлығымыз.

Бүгінде қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігі мен толеранттылығы мейірімділік, әділеттілік пен бірлік сияқты құндылықтарды құрметтейтін үйлесімді мемлекет құрудың тірегі болып отыр.

Осы жарқын мерекеде баршаңызға тыныштық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін!", – делінген құттықтау мәтінінде.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ қазақстандықтарды Пасхамен құттықтады.

"Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді.

Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізуде", – делінген құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910732-elbasy-qazaqstandyqtardy-pasxa-merekesimen-quttyqtady/

pixel