Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанда тағы бір өңір "қызыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы туралы соңғы мәліметтерді жариялады: Алматы облысы "қызыл" аймаққа өтсе, ал Атырау облысы "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК"-тың Telegram-дағы ресми арнасы.

Жаңартылған мәліметке сәйкес, қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ келесі аймақтар коронавирус бойынша "қызыл" аймақта: Ақмола облысы, Алматы облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Павлодар облысы және БҚО.

"Сары" аймақта бүгінде Шымкент қаласынан басқа, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облыстары, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы орналасқан.

Қазір "жасыл" аймақта үш облыс қалды: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Орта есеппен Қазақстан коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша "қызыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910742-koronavirus-qazaqstanda-tagy-bir-onir-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel