Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы Әуезов көшесі жартылай жабылды

Опубликовано:

жол жөндеу жұмыстары
Көрнекі фото: pixabay.com

"Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жол-құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Әуезов көшесінде Дүкенұлы көшесінен Әлия Молдағұлова көшесіне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осыған байланысты осы жылдың 2-12 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады", – делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы керек.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз", – деп аталып өткен басқарма хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910754-elordadagy-auezov-kosesi-zartylai-zabyldy/

pixel