RU

Францияда мыңдаған адам локдаунға қарамастан көшеге шықты

Ереуіл
Фото: Julien Mattia/Anadolu Agency via Getty Images

Францияда елдің барлық ірі қалаларында еңбек құқығын қорғауға бағытталған наразылық шарасы өтті деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Елдегі еңбек күні санитарлық дағдарыс пен әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі сәтсіз реформадан туған жаппай қысқарту аясында өтуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдегі жұмыссыздық деңгейі 1,5 процентке өскен. Оның ішінде жастар мен әйелдердің үлесі көп. Ал сала бойынша ең қиын жағдай қонақүй мен мейрамхана бизнесі, мәдениет пен туризм секторында қалыптасқан.

Ереуіл
Фото: Julien Mattia/Anadolu Agency via Getty Images

"Қазір қонақ үй бизнесі өте ауыр кезеңді бастан өткеріп жатыр. Өйткені санитарлық дағдарысқа байланысты қызметкерлерді қысқарту жоспары жарияланды. Ал біздің кәсіподақ бұған жол бермеуге тырысып жатыр. Себебі үкімет өз мойнына жұмыссыздарға төлемақы беру туралы міндеттемені алып, бизнеске қолдау көрсетті. Алайда Мариотт, Аккор, Хайятт, секілді алып компаниялар қайта құрылымдау шараларын өткізу мақсатында жүздеген жұмысшыны қысқартпақ ниетте", – дейді қонақүй саласы қызметкерлері кәсіподағының өкілі Клод Леви.

Ереуіл
Фото: Julien Mattia/Anadolu Agency via Getty Images

Ереуіл
Фото: Julien Mattia/Anadolu Agency via Getty Images

Париж қаласының коммуналдық қызметкерінің айтуынша, олар коронавирус өршіген кезеңде де жұмыс істеген.

"Адамдардың бәрі коммуналды қызметте еңбек етеді. Олар кәріз желілерін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады, қоқыс шығарады. Біз пандемия өзінің шарықтау шегіне жеткен кезде де жұмыс істедік. Құдықтарға түсіп, вирус толы судан бетперделерді жинадық. Бір сөзбен айтқанда, міндетіміздің бәрін орындадық. Және алдағы уақытта да осылай жалғаса беруі үшін коммуналды қызметті қорғау керек", – дейді Париж қаласы қалалық коммуналдық қызметінің сантехнигі Николя.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910759-franciyada-myndagan-adam-lokdaunga-qaramastan-kosege-syqty/