Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандағы химиялық зауытта өрт шығып, бірнеше жарылыс болды (фото, видео)

Опубликовано:

Құм қаласындағы өрт
Фото: РИА Новости

Иранның Құм қаласындағы химия зауыты өртке оранды деп хабарлайды РИА Новости.

Провинцияның өрт сөндіру қызметінің өкілі Хамид Куреймидің мәлімдемесіне сәйкес, жексенбіде Иранның Құм қаласындағы химиялық зауытта ірі өрт пен жарылыстар болды.

"Молдан" компаниясының химиялық зауытының өндірістік аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 06.02-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 07.32-де) алапат өрт шыққан", – деп хабарлады Курейми Fars агенттігіне.

Өрт бірнеше жарылыстармен қатар өршіді және жылдам таралды, оқиға орнына 150 өрт сөндіруші мен 20 арнайы техника жіберілді. Зауыттың бір бөлігіндегі адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Куреймидің айтуынша, өрттен екі өрт сөндіру көлігін зақым келтіріп, екі өрт сөндіруші ауыр жарақат алған.

"Өрт сөндірілді, біз қызыл жалынның басқа қоймаларға таралуына жол берген жоқпыз, әйтпесе өндірістік аймақта бұдан да үлкен өрттің куәсі болар едік", – деді Курейми.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910772-irandagy-ximiyalyq-zauytta-ort-sygyp-birnese-zarylys-boldy-foto-video/

pixel