Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай ойнап, үсік жүреді: 3 мамырда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

3 мамырда Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпал ететіндіктен күн ашық болады деп хабарлайды Қазгидромет.

"Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, ал солтүстікте тұман түседі, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал", – деп жазылған ресми хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, түнде кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 25 м/с-ке дейін жетеді.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнайды.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды, күндіз жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жернде найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20, кей жерде 25 м/с болады.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 5 градус дейін үсік жүреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910780-naizagai-oinap-usik-zuredi-erten-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel