Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда түн ішінде дыбыс зорайтқышпен ән шырқаған жүргізуші жазаланды (видео)

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: pixabay.com

Түркістанда тұрғындардың тыныштығын бұзған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, түнгі екі шамасында жүргізуші көліктің дыбыс зорайтқышы арқылы ән шырқап, көшенің қақ ортасында айнала жүрген.

Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде лезде тарап, ақыры жүргізушіні полиция іздеп тапқан.

Белгілі болғандай жедел жәрдем Түркістанға Арыс қаласынан келген екен. Ауруханаға науқасты әкеліп, қайтып бара жатқан сәтінде жедел жәрдемнің дыбыс зорайтқышын барынша қосып өнерімен жұртты тамсандырғысы келсе керек.

Дегенмен жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталды. Полицейлер оған ескерту жасап, хаттама толтырған. Жүргізушінің өзі бұл әрекеті үшін тұрғындардан кешірім сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысында көлік нөмірінің орнына есімін жазып алған жүргізуші жазаланған еді.

Құзырлы органның мәліметінше, Сайрам ауданының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Mercedes маркалы көлігінің жол қауіпсіздік ережелерін бұзған сәті түсірілген видеоны анықтаған.

Видеодан жүргізушінің мемлекеттік нөмір тұратын жерге өз есімін жазып қана қоймай, басқа көліктерді басып озу мақсатында жолдың қарсы бетіне шығып кеткені белгілі болған.

Осыдан кейін оған іздеу салынып, кейін ер азамат жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің үш бірдей бабымен жауапқа тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910800-turkistanda-tun-isinde-dybys-zoraitqyspen-an-syrqagan-zurgizusi-ustaldy-video/

pixel