Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ер адам сарқырамаға құлап кетіп, ауыр жарақат алды

Опубликовано:

сарқырама11
Үлгілі сарқырамасы/фото: Сәуле Құсайынова

Ақмола облысы Зеренді ауданында тұрғын жартастан Үлгілі сарқырамасына құлап кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Зеренді аудандық ауруханасына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін 3 мамырда шашамен 15:00 шамасында болған. 45 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны ауыр жағдайда Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілген.

Аудандық аурухананың мәліметінше, болжам бойынша, ер адамның бірнеше қабырғасы сынған, ішінен, басынан жарақат алған және иық буыны сынған.

Ер адам аудандық емес бірден облыстық ауруханаға жеткізілген. Себебі оның Ақмола облыстық ауруханасында қызмет ететін жары жұбайының бірден облыстық ауруханаға жеткізілгенін қалаған.

Зеренді аудандық әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш жерде ескерту белгілері қойылған, өтуге болмайтыны жайлы лентада ілінген, тіпті полиция қызметкерлері күзетіп, орман қорықшылары дыбыс зорайтқышпен ескерту жасап жүреді екен, алайда адамдар бәрібір бұл тыйымдарға атүсті қарайтын көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осы Үлгілі сарқырамасына екі апта бұрын әкесі мен қызы құлап кеткен еді.

Белгілі болғандай сарқырамада суретке түспекші болған ер адам 6 жастағы қызымен бірге абайсызда суға құлап кеткен. Абырой болғанда олар ауыр жарақат алмаған. Медициналық көмектен кейін үйлеріне жіберілген.

Сонымен қатар, Қытайда адамдар өзенге құлап кеткен көліктегі отбасыны жабылып жүріп, құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910830-aqmola-oblysynda-er-adam-sarqyramaga-qulap-ketip-auyr-zaraqat-aldy/

pixel