Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайды

Опубликовано:

Індет74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz telegram арнасы.

Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 250
  • Алматы қаласы - 658
  • Шымкент қаласы - 65
  • Ақмола облысы - 137
  • Ақтөбе облысы - 27
  • Алматы облысы - 180
  • Атырау облысы - 44
  • Шығыс Қазақстан облысы - 77
  • Жамбыл облысы - 58
  • Батыс Қазақстан облысы - 73
  • Қарағанды облысы - 240
  • Қостанай облысы - 26
  • Қызылорда облысы - 73
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 125
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 6
  • Түркістан облысы - 34.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 330 071-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, 3 мамырдағы мәліметке сәйкес, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта - Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау өңірлері, "жасыл" аймақта - Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Сонымен қатар, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізге әкелінген қытайлық Sinopharm технологиясымен өндірілген араб вакцинасы Hayat-Vax туралы ақпарат берген еді.

Hayat-Vax (SARS-CoV-2, Vero Cell) вакцинасы - бұл белсенділігі жойылған коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина, Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) Рас-Аль-Хайма қаласындағы Julphar фармацевтикалық өндірісінде шығарылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910846-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-aitarlyqtai-azaidy/

pixel