Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 күн бойы ас-сусыз ашығуды ұйғарған блогер қайтыс болды

Опубликовано:

Блогер
Фото: Telegram / "Двач/Ньюсач"

40 күндік аштық жариялаған 40 жастағы ресейлік блогер Виталий Выграновский Абхазияда қайтыс болды деп хабарлайды "Двач/Ньюсач" Telegram-каналы.

Выграновский видеоблогында өзін сынап көруді және 40 күн бойы сусыз, тамақсыз өмір сүруді жоспарлап отырғанын айтқан еді.

Ол наурыздың ортасында Мәскеуде жүргенде ашығуды бастайды. Аштықтың 10-шы күні өзін нашар сезіне бастағандықтан және қаланың атмосферасы мазасын қашырған соң Абхазияға көшуге шешім қабылдайды.

Аштықтың 20-шы күні блогер өзін толықтай тазарған адам секілді сезінетінін, алайда денесінен бірқатар өзгерісті байқағанын сөз етеді: оның бұлшықеттері өзгеріп, салмағы азайған.

Виталий физикалық белсенділікке күші қалмағанын, тек жүруге әлі келетінін де жасырмайды.

Блогер аштықтың 30-шы күні дене қызуы көтерілгенін, 35-ші күні өзін өлім аузында жатқандай сезінетінін, бірақ ашығуын тоқтатпағанын мәлімдейді.

Өкінішке қарай блогер әбден әлсіреп, тәжірибесінің соңында көз жұмған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда соққыға жығылдым деп жұртты шулатқан блогер көпшіліктің ашуына тигенін хабарлаған едік.

Көп ұзамай блогер соққыға жығылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп, өз парақшасында көпшіліктен кешірім сұраған.

Блогердің әрекетін бірі түсінсе, енді бірі сынға алған. Олар тіл мен ұлт тақырыбында әзіл мен пранк жасайтындарға абай болу керектігін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910875-40-kun-boiy-as-susyz-asygudy-uigargan-bloger-qaitys-boldy/

pixel