Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Елбасы бейнеленген мурал пайда болды (фото)

Опубликовано:

Мурал
Фото: zakon.kz

Алматыда жаңа мурал пайда болды. Ол жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген деп хабарлайды zakon.kz.

Мурал Жароков пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында пайда болған.

Суретшілер Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салып, forever young деп жазып қойған. Ол ағылшын тілінен аударғанда "мәңгі жас" деген мағынаны білдіреді.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, мурал бір түнде пайда болған. Әзірге, автордың кім екені белгісіз.

мурал
Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Талғар қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде ауданның экс-әкімі, марқұм Жолан Омаров бейнеленген мурал пайда болғанын жазған едік.

Жолан Омаровтың суретін Еркеғали Иманғали және Мерей Кітапов салған.

"Жақсы адамдар мәңгі есімізде қалады", - дейді талғарлық тұрғын.

Сонымен бірге, Талдықорғанда белгілі журналист Бейсен Құранбектің құрметіне арналған мурал пайда болған еді. Марқұм тележүргізушінің суреті өзі бірнеше жыл бойы жұмыс істеген "Жетісу" телеарнасының қасындағы үйге бейнеленген.

Одан бөлек, Алматыда Сейфулин мен Қабанбай көшелерінің қиылысында орналасқан ғимараттың қабырғасына Димаш Құдайбергеннің суреті салынған болатын.

Кейін әнші Instagram парақшасында суретшілерге алғыс айтты.

"Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910903-almatyda-elbasy-beinelengen-mural-paida-boldy-foto/

pixel