Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қанша медицина қызметкері коронавируспен ауырды

Опубликовано:

Алаяқ1
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Пандемия басталғалы бері Алматының 1600 медициналық қызметкері коронавируспен ауырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифинг барысында айтты.

"2020 жылдың қортындысы бойынша, 1600-ден астам медициналық қызметкер тіркелді. Оның ішінде 1400-ден астамы — коронавирус инфекциясын жұқтырған және 200-ден астам этиологиясы белгісіз пневмонияға шалдыққандар. 900-ден астам жағдай кәсіби қызметпен байланысты болды. Бұл коронавирус инфекциясы мен этиологиясы анықталмаған пневмония", – деді Әсел Қалықова.

Оның айтуынша, қалада тәулігіне 15670 сараптама жасайтын 26 ПТР зертхана жұмыс істейді.

"Алдағы уақытта олардың қуаттылығы тәулігіне 26 992 сараптамаға дейін ұлғаюы мүмкін. Сондай-ақ, тәулігіне 3 248 сараптамалық өткізу қуаты бар 14 ИФТ зертхана жұмыс істейді", – деді спикер.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 330 071-ге жетіп отыр.

Айта кетейік, 3 мамырдағы мәліметке сәйкес, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл облыстары "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910952-almatyda-qansa-medicina-qyzmetkeri-koronaviruspen-auyrdy/

pixel