Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада аялдаманы сындырған мас ер адам видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Аялдама
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Елордада мас ер адам аялдаманы сындырып тастады. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның 2 мамыр күні түнгі сағат екіде болғаны хабарланды. Бұзақылық дерегін қала көшелерін патрульдеп жүрген инспекторлар анықтапты.

Полицияның анықтауынша, екі мас ер адам Бөгенбай батыр даңғылымен үйлеріне қайтып келе жатқан. Аялдаманың жанынан өтіп бара жатқан біреуі себепсізден кешеннің айнасын тепкілеп, оны сындырып тастаған. Қала тұрғынының іс-әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Құқықбұзушының кім екені анықталды. Ол астананың 30 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ер адам өз іс-әрекетін мас болдым деп ақтаған.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қала мүлкін қиратып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Еске сала кетсек, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында болған еді.

15 ақпанда таңғы сағат 6.00-де патрульдік полиция инспекторы аумақты патрульдеу кезінде Абай даңғылында орналасқан "Радуга" автобус аялдамасының шыны қабырғасының сынғанын байқаған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына жақын жерде жүрген 19 жастағы екі жігітті тоқтатып, тексеру барысында олардың аялдаманы қиратқанын анықтапты.

Сол кезде Шымкент ПД азаматтардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910959-elordada-mas-er-adam-ayaldamany-syndyryp-videoga-tusip-qaldy/

pixel