RU

Алматыда жол талғамайтын қымбат көліктерді айдап кеткендер ұсталды

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда жол талғамайтын қымбат көліктерді айдап кеткендер ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуірдің жиырмаларында қала тұрғындарынан көліктерін ұрлағаны туралы полицияға екі арыз түсті. Көліктерді жасырын ұрлау әр уақытта және қаланың әр жерінде болған. Ұрланған көліктердің барлығының маркасы мен моделі бірдей. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері шаһардың маңынан бұрын ұрланған көліктерді тапты.

"27-ден 33 жасқа дейінгі үш күдікті "бағдарламашының" көмегімен басқа адамдардың көліктерін оталдырған. Олар қалада жұмыс істеді және тек "Тойота" көліктерін, негізінен "Лэнд Крузер-200" модельдерін ұрлады. Олар терезені сындыру арқылы ішке кіріп, қозғалтқышты қосымша құрылғының көмегімен іске қосады, ол дабыл командаларын оқиды, сәйкесінше кілтсіз, оталдырады. Автокөліктердің барлығын "қара базарда" сату мақсатында ұрланған. Олар бір жол талғамайтын көлікті, нөмірін алмай-ақ, былайша айтқанда, өзінің бастапқы түрінде сатып үлгерген.

Айтпақшы, біздің сарбаздар сатып алушыны да анықтады, оған қатысты ҚР ҚК-нің 196-бабы (Біле тұра қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу немесе сату) бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұрланған жол талғамайтын көліктер иелеріне бүтін күйінде қайтарылды. Ұсталған үш адамның екеуі бұрын сотталған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910971-almatyda-zol-talgamaityn-qymbat-kolikterdi-aidap-ketkender-ustaldy/