Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда департамент басшысы көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды ведомствоның баспасөз қызметі растады. Алайда Ақжігіт Бекбердиевтің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Айта кетейік, Ақжігіт Бекбердиев 1965 жылы дүниеге келген. Салық органдарында еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы аудандық салық органдарының және облыс департаментінің қызметіне басшылық етті.

2019 жылы ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті. Суыт хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910974-almatyda-departament-bassysy-koz-zumdy/

pixel