RU

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері өмірден өтті

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Қамза Ыбыраев өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы және "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Қамза Төкешұлы Ыбыраевтың қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.

Қамза Ыбыраев 1953 жылы 27 маусымда өмірде келген. Әртүрлі жылдары Шығыс Қазақстан облысы ҰҚК басқармасының, Павлодар облысы ҰҚК департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, ҰҚК-ның Әзербайжан мен Түрікменстандағы өкілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев қайтыс болды.

Cонымен қатар, осыған дейін танымал әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті. Суыт хабарды мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910992-ulttyq-qauipsizdik-komitetinin-ardageri-omirden-otti/