Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Масаның коронавирус инфекциясын тарататыны рас па

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желі қолданушылары "жазда маса шақса, COVID-19 жұқтыруы мүмкін" деп алаңдайды. Олардың пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдаушылар болып табылады. Алайда бұл ақпарат жалған деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, қан сорғыш жәндіктер адамдарға коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес.

Оны теріске шығаратын ақпарат дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланды.

"Қазіргі уақытта SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек", – делінген ұйымның сайтында.

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер бұл аурудың қоздырғышы емес.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті.

Қазақстанда өткен тәулікте 2076 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 330 071-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910998-masanyn-koronavirus-infekciyasyn-taratatyny-ras-pa/

pixel