Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда ауруханадағы науқас дәрігерді ұрып-соғып, қашып кеткен

Опубликовано:

Тоқаев ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атады
Көрнекі фото: piqsels.com

Ашулы науқас Қостанайдағы травматологиялық диспансердің дәрігеріне жұдырық жұмсап, кейін күзетшілер келгенше қашып үлгерген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің мәліметінше, 3 мамырда сағат 23.50-де 26 жастағы науқас білек жарақатын алып, жарақат бөліміне түскен.

Тексеру кезінде ер адам өзін агрессивті түрде ұстап, дәрігерді жарақаттаған. Күзетшілер келгенше қашып үлгерді.

Полиция қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. 4 мамырда күдікті ұсталды. Ол Әулиекөл ауданының тұрғыны болып шықты. Қостанайда дәрігерді ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, Талғарда ауруханаға түскен науқастың туыстары жанжал шығарып, кезекші дәрігерді ұрған.

Талғар аудандық ауруханасында болған жайт туралы ақпарат желіде жарияланған.

Видео авторының айтуынша, медициналық мекемеде сорақы жағдай орын алған. Аппендицит белгісімен ауруханаға жеткізілген пациенттің туыстары кезекшіліктегі хирургқа дене жарақатын салған.

"Мұндай фактілер жариялануы керек. Олар құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау органдарының назарынан тыс қалмауы тиіс. Медицина қызметкерлері мемлекет қорғауында болып, азаматтарымыздың өмірін құтқару және денсаулығын сақтау бойынша өз міндетін үрейсіз атқаруы керек", – делінген роликте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911006-qostanaida-nauqas-darigerdi-uryp-sogyp-qasyp-ketken/

pixel