Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Полиция басшысы қызметкеріне боқтық сөз айтты": Видео көпшіліктің талқысына түсті

Опубликовано:

Разговор в кабинете в Алматинской области
Кадр: facebook.com/groups/taldykorganec

Әлеуметтік желіде полиция басшысының қарамағындағы қызметкеріне дөрекі сөйлеген сәтінің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Бұл жағдайға қатысты Алматы облыстық полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Алкогольді сусын тұтынған Ақсу ауданының полиция басшысы өз ауылының тұрғындарын қорқытады", - делінген роликтің жазбасында.

Видеода полиция формасын киген ер адамның қарамағындағы қызметкерін сөгіп жатқаны көрінеді. Оның аузынан былапыт сөздер де шыққан.

"Эй, сен маған қоңырау шалуың керек! Рұқсат сұрау қажет. Ал сен неге айдадың, на ...? Сен дауысыңды көтеретін болғансың ба, оңбаған! Бір соққымен ұйықтатып тастайын ба? Біреу маған қарсы шығып көрсін. Сен үшін әрқашан ескертпе естимін. Тілің шығыпты. Сен рұқсат сұрауың керек. Кет жоғал!", - дейді басшы даусын жоғары көтеріп.

"Сіз маған үнемі айқайлайсыз. Мен материалдарды әкелдім. Айқай мен соққыға көне беретін, баламын ба. Командир, мен бұл кіру бойынша сұраған болатынмын", - деді қызметкер өзін ақтап.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл видеоға қатысты түсініктеме берді.

"Бұл факт бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша департамент басшылығы шенеуніктің іс-әрекетіне принципиалды баға береді. Қызметтік тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ескерту! Видеодан бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911008-policiya-bassysy-qyzmetkerine-boqtyq-soz-aitty-video-kopsiliktin-talqysyna-tusti/

pixel