Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, найзағай: Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

Маңғыстау облысының кей жерінде 5 мамырда түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шаңды дауыл болып, солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің күші кей жерде секундына 17-22 метр жылдамдықпен соғады.

Ақтауда 5 мамырда түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

5 мамырда Атырау облысының кей жерінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың кей жерінде шаңды дауыл болып, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында 5 мамырда түнде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Оралда желдің екпіні 18 м/с-ке жетеді.

Қостанай облысында 5 мамырда кей жерде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен жел соғып, желдің күші күндіз 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер мамырға ауа райы болжамын жариялады. Соған сәйкес мамырдың басында солтүстікте және елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жауын-шашын көп түседі.

Мамырда күн жылынғанымен қайта салқындауы мүмкін. Оңтүстік аймақтарда мамырдың бірінші жартысында, солтүстікте айдың соңында суық күндер аяқталады. Бірақ оңтүстік өңірлерде мамырдың соңында, солтүстік және шығыста тіпті маусымда да үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911022-tuman-naizagai-qazaqstannyn-bes-oblysynda-dabyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel